Полиция қызметкерлері “қыз зорлады” деген күдікке ілінді

152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

Түркістан қаласында қыз баланы зорлады деген күдікпен полицейлер ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, аталған қызметкерлер зорлау дерегі бойынша күдікке ілініп, қызметтен босатылған.

Аталған жағдайға байланысты ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев пікір білдірді.

«Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл оқиғаға ықтимал қатысы толық көлемде тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында олардың әрекеттеріне принципті құқықтық баға берілетін болады», – деді ол.

Министрліктің мәліметінше, жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін, теріс себептермен жұмыстан босатылған.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді министрлік өкілі.

Пікірлер