Президентке көмектескен. Оңтүстік Кореяның экс-премьері 23 жылға сотталды

698
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pFrEPd6JISGIhE9n7KHgfKZe7ou6YDHJRKaJG8rw.webp

Оңтүстік Кореяда бұрынғы премьер-министр Хан Док Су 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тергеу барысында оның бұрынғы президент Юн Сок Ёлға көмектескені дәлелденді.

Прокуратура бұрынғы премьерді 15 жылға соттауды сұраған болатын. Алайда Хан Док Судың президентке көмек көрсеткені ескеріліп, сот оны көтеріліске қатысқан негізгі тұлға ретінде айыптауды орынды деп тапты.

Сонымен қатар премьер-министр жалған куәлік беру, құжаттарды бұрмалау және жою сияқты қылмыстар бойынша да кінәлі деп танылды.

Еске салайық, Оңтүстік Корея соты 2024 жылғы желтоқсанда елде қысқа мерзімді әскери жағдай енгізген бұрынғы президент Юн Сок Ёльді сот төрелігіне кедергі келтірді деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Пікірлер