Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиге жасалған шабуыл Иранға қарсы толық ауқымды соғысқа теңестірілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".
«Егер Иранның қымбатты халқының өмірінде қиындықтар мен жоқшылықтар болса, оның басты себептерінің бірі – АҚШ үкіметі мен оның одақтастарының көп жылдан бергі дұшпандық әрекеттері мен адамгершілікке жатпайтын санкциялары. Біздің еліміздің жоғарғы көшбасшысына қол сұғу – Иран халқына қарсы толық ауқымды соғыс жариялаумен тең», – делінген Иран президентінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар