Астанада Байқоңыр ауданындағы қоймада сағат 04:59-да 40 тонналық екі контейнерден өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Сағат 07:06-да өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 9 адамы мен 2 шұғыл әрекет ету техникасы жұмылдырылды”, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.
