Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 105-орын) Australian Open–2026 турниріндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды “Адырна”.
Бірінші айналымда ол бразилиялық Беатрис Аддад Майямен (59-орын) кездесіп, қарсыласын үш сетте жеңді – 3:6, 7:5, 6:3.
Шешуші сетте қазақстандық теннисші 1:3 есебімен ұтылып жатқанымен, камбэк жасап, ойынды өз пайдасына шешті.
Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды. Осылайша, Юлия Путинцева жарыстың екінші айналымына жолдама алды, ал оның қарсыласы Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады.
Айта кетейік, биылғы маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі алдында Юлия Путинцева Брисбен мен Аделаидада (Аустралия) өткен жарыстарға қатысқан. Брисбенде ол екінші айналымда, ал Аделаидада 1/8 финал сатысында жарыстан шығып қалды.