"Үйден қуып жіберді". Омар Жәлелдің екінші әйелі сотқа жүгінбек

85
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/B3YxRLNfGb50AAErPiUIgKHblU6yGPl4gPaV3Po8.jpg

Танымал абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі бұрынғы жұбайына қатысты бұрын айтылмаған деректерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ozgeris.info-ға сілтеп.

Ол ютуб арнаға берген сұхбатында бұрынғы күйеуімен ара-қатынасы туралы айтқан.

Әйелдің айтуынша, олар 31 қаңтарда некеге тұрған. Сол жылы қыркүйек айында тұңғыш балалары дүниеге келген. Ол өзі келін болып түскеннен кейін Омар Жәлелдің бірінші жұбайынан туған ұлын үйлендіргенін, тіпті «құтты келін болып келдің» деп айтқанын жеткізген.

Алайда алғашқы жүктілік кезінде екі әйел арасындағы қарым-қатынас ушыға түскен. Екінші әйел бірінші әйел тарапынан қызғаныш пен қысым болғанын айтты.

«Жүкті екенімді қабылдамай, түрлі құжат талап етті, балаға күмән келтірді. Кейін үшінші әйел алатынын айтты. Сол кезде іштегі балам алты айлық еді. Тіпті босанған соң баланы алып, бәйбішеге беретінін де жеткізді», – дейді екінші әйел.

Ол бұл ұсынысқа көрсеткен қарсылығын айтып, кейін Омар Жәлел үшінші әйел алғанын бір ай өткен соң ғана білгенін жеткізді. 

«Менің тағдырыммен ойнады. Менен кейін тағы екі әйел алды. Бала туғызып алып, кейін қуып жіберді», – дейді екінші әйел.

Әйел адам отбасы ішіндегі дауға қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеген.

Пікірлер