Қар астындағы қала. 900 шақырымға жуық кептеліс тіркелді

309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hVBxzzfEk8xxd3TT0zoC9HwuYhjPAxCJ18zPqAAn.webp

Парижде қалың қар жауып, жол жүру тоқтаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Belta дерегінше, бұрын-соңды мұндай кептелістер болмаған.

Қар қалың жауып, қала бойынша кептеліс ұзындығы шамамен 900 шақырымға дейін жеткен.

Франция астанасында автобустар мен трамвайлардың қозғалысы уақытша тоқтатылып, автомагистральдар толықтай дерлік жабылған.

Одан бөлек, табиғи құбылыс салдарынан республикада кемінде бес адам қаза тауып, алты әуежайдың жұмысы тоқтаған. Сондай-ақ теміржол және автокөлік қатынасында жаппай іркілістер тіркеліп, бірқатар өңірде электр қуаты өшкен.

Францияның батысындағы 38 департамент сейсенбі күні қар мен көктайғаққа байланысты қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейіне енгізілді. 

Францияның көлік министрі Филипп Табаро бұл ауа райы жағдайы метеорологиялық қызметтер тарапынан, әсіресе Париж өңірінде, тиісті деңгейде бағаланбағанын мойындады. Оның айтуынша, климаттық эпизодтың салдары күткеннен әлдеқайда ауыр болған.

Парижде халық саны 11,3 млн адамнан асады.

Пікірлер