Бекеттегі жарылыстан екі адам қаза тапты

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/djxyAHxuOnoBkvaS9sKgpdnaGmt4GLqApgKfmlh4.png

Мойынты станциясында жарылыс болып, оның салдарынан өрт шықты. Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте өрт ғимараттың бүкіл аумағына таралған болатын. Шамамен 200 шаршы метр аумақта шатыр мен арақабырғалар құлаған.

Құтқарушылар үйінділерді көтеріп, зақымданған құрылымдарды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауда.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі тұрмыстық газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің бұзылуы болуы мүмкін.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер Мойынтыға бірден жете алмаған. Себебі елді мекенде өрт сөндіру депосы жоқ, ал ең жақын бөлім шамамен 150 шақырым қашықтықта орналасқан.

Құтқарушылар қазіргі уақытта өртті толық бақылауға алып, қауіпсіздік шараларын күшейту үстінде.

Айта кетейік, Оралда бос тұрған пәтерде өрт шығып, артынша үлкен жарылыс .

Пікірлер