АҚШ-тың Венесуэлаға шабуылы. Кем дегенде 40 адамның қаза тапқаны хабарланды

244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/70gi0zkp1vnPl3Xc63G3DUfV979M7reAmuJu6OO8.jpg

3 қаңтар күні АҚШ-тың Венесуэланың астанасы Каракасқа жасаған соққысының салдарынан әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды қоса алғанда, кемінде 40 адам қаза тапқан. Бұл туралы Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасаған The New York Times басылымының жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Дереккөздің айтуынша, АҚШ-тың сол күнгі әрекеттері ел ішінде айтарлықтай адам шығынына әкелген, яғни «әскери қызметкерлер мен бейбіт азаматтарды қоса алғанда, кемінде 40 адам көз жұмған».

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағында ауқымды әскери соққылар жасалғанын мәлімдеп, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің ұсталып, Венесуэладан шығарылғанын айтты.

Хабарламада АҚШ билігі Николас Мадуро мен оның жұбайына наркотерроризмге қатысты бірқатар айыптар таққанын, соның ішінде кокаин тасымалдау, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сақтау және АҚШ-қа қарсы әрекеттерді ұйымдастыруға сөз байласу күдігі бар екенін атап өтті.

Ал Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер өз елінің АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Әскери операциядан кейін Дональд Трамп АҚШ Венесуэланы бақылауға алатынын айтқан. Бұған жауап ретінде Венесуэла вице-президенті Делси Родригес Николас Мадуроны дереу босатуды талап етіп, «Венесуэла ешбір елдің отары болмайды» деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Николас Мадуро мен оның жұбайы арнайы ұшақпен АҚШ-тың Нью-Йорк штатына жеткізіліп, уақытша тергеу изоляторына қамалғаны хабарлануда.

Пікірлер