ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Тергеу соты қылмыстық қудалау органының қамауда ұстау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Амир Касенов тергеу кезеңінде үйқамақта болады. Біздің жұмысымыз жалғасуда»,-деді адвокат Дәулет Жұмағұлов.
Сот отырысына бес ерікті адвокат қатысқан.
Еске салайық, Қасенов 23 желтоқсанда Астанада ұсталған болатын. ПД мәліметінше, редакция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жекеменшік компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған. Арызда олардың іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірген, көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратқаны айтылған.
Ұқсас жаңалықтар