Танымал ақын Ақберен Елгезек әке атанды

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mmmz2wcJrxYV77A0wcoa40nt1HRapqEQeelKxcOo.jpg

Танымал ақын және қаламгер Ақберен Елгезек пен келіншегі Дина Елгезек перзент сүйді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сүйінші жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ақын қызының есімін Айшасұлу деп қойған. Ол өзін құттықтағандардың ізгі тілектерін жариялады.

Бұл жаңалыққа өнерсүйер қауым да жылы лебіз білдіріп, Ақберен мен Динаға бақыт тілеп жатыр.

«Балапандарыңыздың бауы берік болсын. Өте қуаныштымын», «Ханшайымыңыздың бауы берік болсын», «Нәресте көз қуаныштарыңыз болсын», – деп жазған желі қолданушылары.

Пікірлер