Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
ІІМ Тәуелсіздік күніне орай бірқатар жүргізушінің көліктерін Мемлекеттік тумен безендіріп, жолға шыққандарын атап өтті.
«Құқықтық тұрғыдан мемлекеттік туды көлікке орналастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік талаптары мен жол жүрісі қағидаларын сақтау міндетті. Бірақ кейбір азамат мерекелік шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға кедергі жасап, көшелерді жауып тастады»,-деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері заңға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болған. Мысалы 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатқан. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені, апаттық жағдай туғызғаны және көлікті заңсыз жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Бұл шаралардың Мемлекеттік туды пайдалануға қатысы жоқ. Алматы қаласында полиция қызметкерлері де шарлармен безендірілген қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушыларына олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ көлікті заңсыз тоқтатуға байланысты деректер тексерілуде. Кінәлі полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полиция мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды және азаматтарды Жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тек ресми мәліметтер мен ақпарат көздеріне сенуге шақырады»,- деп толықтырды аға инспектор.
119 мың теңгеден - 388 мың теңгеге дейін. Қырғызстанда жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады