Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

520
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NKFZEQ2x5QhiI6SyaATVtt8D8eyrhXo5u2E1h8HJ.webp

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов (54 келі) алтын медаль жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Финалдық жекпе-жекте отандасымыз ресейлік Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілердің екеуі Сәкеннің жеңісін қолдаса, қалғандары қарсыласына басымдық берді. Ал екінші раундта қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен ұтты. Шешуші үшінші раундта да Сәкен жинақы әрі сенімді қимылдап, жекпе-жек тағдырын өз пайдасына шешті.

Осыған дейін Бибосынов әлем чемпионаты жолында Танзаниядан Факи Исса Факиді, Ботсванадан Катего Кеорапетсені және Замбия боксшысы Муенго Муалені жеңіп, финалға шыққан болатын.

Сәкен Бибосынов — ұлттық құраманың тәжірибелі спортшыларының бірі. Ол 1992 жылы дүниеге келген. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленсе, әлем чемпионатында 2021 жылы алтын, 2019 жылы қола медаль алған. Сондай-ақ Азия чемпионаттарында күміс (2022) және қола (2021) жүлдегер атанған.

Пікірлер