Адам шығыны бар. Тас жолда жеті көлік соқтығысты

82
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XvY8zDPJgXHC1W8nxvv5Z7RpgiyT2HwYSPoPgvFd.webp

13 желтоқсан күні Ақмола облысында, Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында бірден жеті автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол апаты Павлодарға қарай бағытталған жолда орын алған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам әртүрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция жол апатынан кейін сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта апаттың нақты мән-жайы мен себебі анықталуда.

 

Пікірлер