Шойын жолдағы шатақ. Премьер кінәлілерді жазалауды тапсырды

179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aQdlEHCwLJhg1Mr0ocGoPHeLXnGEFx7Bvx2W5DyQ.webp

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Өзбекстанмен шекарада жүк вагондарының шоғырлануына жол берген компания басшыларын жауапқа тартуды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бектенов бұл тапсырманы «Қазақстан темір жолы» басқармасының төрағасы Талғат Алдыбергеновке Үкімет отырысында берді. Премьер-министр мәселені жедел әрі толық шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл жағдайға себеп болған компания жетекшілерін жауапқа тартыңыздар. Маған баяндаңыздар», – деді Олжас Бектенов.

Талғат Алдыбергенов өз кезегінде Қазақстан мен Өзбекстанның тиісті құрылымдары мәселені бірлесіп шешіп жатқанын хабарлады.

«Өзбекстанда жедел штаб құрылды, барлық уәкілетті органдар тәулік бойы жұмыс режиміне көшті», – деді ол.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні Қазақстанның оңтүстігінде теміржол бағытында ірі кептеліс қалыптасқаны туралы хабарланған.

 Өзбекстанға бет алған 11 мыңнан астам жүк вагондарының басым бөлігі астық тасымалдайды. Кейбір пойыздардың кідірісі 5–6 тәуліктен асқан.

Пікірлер