Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ақпаратты Кремль растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Кремль Путиннің Қазақстанға сапарын қараша айының соңына қарай жоспарлауы мүмкін.
«Сапарға шынымен де дайындық қызу жүріп жатыр. Болатын күнді уақтылы хабарлаймыз», - деген Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Еске салсақ, Ресей президенті Касым-Жомарт Тоқаевпен соңғы рет Қазанда өткен БРИКС саммитінде кездескен. Ол кездесуге Тоқаев құрышпен қапталған ресейлік Aurus Senat көлігін мініп барды.
Ұқсас жаңалықтар
Азаматхан Әміртай өзін "Байтақ" партиясы қатарынан шығарып жібергені туралы ақпаратты қара пиарға балады
