БҰҰ Бас хатшысы Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптады

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/images/default-cover.jpg

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Конго Демократиялық Республикасы (КДР) мен Руанда арасындағы бейбітшілік пен өркендеу туралы келісімге ресми қол қойылуын құптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Дюжарриктің айтуынша, Гутерриш бұл келісімді КДР мен Руанда арасындағы сенімді қалпына келтіру және КДР шығысында тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам деп бағалады.

Сонымен қатар, Бас хатшы Дохадағы келіссөздер аясында Африка Одағының басшылығымен жеткен ілгерілеушілікті де қолдағанын жеткізді. Ол барлық тараптарды өз міндеттемелерін орындауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Конго мен Руанда АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қойғаны хабарланған болатын.

Пікірлер