Тәжікстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан әскери көмек сұрағаны туралы ақпарат тарады. Елдің сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Reuters таратқан мәліметке сүйенсек, Тәжікстан Ауғанстанмен шекарадағы қауіптің күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдірген.
«Душанбе Ресей және ҰҚШҰ елдерімен Ауғанстан бағытын күшейту мәселесін талқылап жатыр. Соңғы апталарда шекара маңында бірнеше қарулы шабуыл болып, салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны өскен. Осы оқиғалардан кейін Тәжікстан қауіпсіздік күштерін күшейту қажеттігін мәлімдеп, ұйымнан әскери қолдау сұраған»,-делінген хабарламада.
Алайда Тәжікстан СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Министрлік аталған жарияланымның шындыққа жанаспайтынын, мұндай жалған ақпараттың таралуы халықаралық аудиторияны шатастыратынын атап өтеді»,–делінген хабарламада.
Ведомствоның айтуынша, Тәжікстан үнемі мемлекеттік шекараны сенімді қорғауға бағытталған барлық қажетті шараны қабылдап келеді.
«Мемлекеттік шекарадағы жағдай тұрақты әрі Тәжікстан Республикасының құзырлы органдарының толық бақылауында», – деп хабарлады министрлік.
“Құлдыққа сатты”: Өзбекстан азаматы қазақстандық полицейлердің оны қорлағанын айтып, Тоқаевтан көмек сұрады