Қазақстандық таеквондошы Әлем чемпионы атанды

821
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wpHmJA67nXbh6J6p9JmPqchLWMaQapVIVMME57wk.jpg

Қазақстандық спортшы Бейбарыс Қабылан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Финалда отандасымыз Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді.

Бұл — Бейбарыс Қабланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын.

«Бейбарыс Қабылан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартыай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті»,-деп жазды қазақстандық таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

 

 

Пікірлер