Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің директоры оқу процесіне қатыспаған 54 тұлғаны жалған түрде білім алушы ретінде тіркеген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Аталған тұлғалар белсенді студенттер ретінде көрсетіліп, олар бойынша жалған бағалар қойылған, сабаққа қатысу табельдері мен үлгерім бойынша құжаттары рәсімделген, сондай-ақ стипендиялар берілген. Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылып, сол шоттарға стипендия төлемдердері аударылған. Банктік карталар директорға немесе оның нұсқауымен өзге тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін тапсырылып отырған»,–делінген хабарламада.
Нәтижесінде колледж директоры 49 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген. Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылған. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынған.
Батыс Қазақстан ҚХР-мен ынтымақтастықты кеңейтуде. Бейжіңде бірқатар стратегиялық меморандумға қол қойылды