Алматы қаласына ашылмай жатып, нашар пікірлерге тап болған «Ленина 36» дәмханасы атауын өзгертеді. Бұл туралы дәмхана өздерінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Мәліметке сүйенсек, дәмхананың атын өзгерту жобаны сақтап қалуға себеп болады.
«Жобаның барлық құндылығын сақтап қалу үшін, пікірлеріңізді тыңдай отырып, жобаның атын өзгертуді шештік. Жақын арада біздің жобаның жаңа атауын жариялайтын боламыз» деп жазылған жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушылары Алматыда жаңадан ашылып жатқан дәмхананың аты «Ленина 36» болғандықтан, көбі кереғар пікірлер жазған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.