«Біз өмірді таңдаймыз». Барселонада Димаштың көрермендері акция ұйымдастырды

896
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RTcBsghGLTfWMzaIkgyvbRvfLDLjXfYuIFjJvLJV.jpg

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алғаш рет Испанияның Olimpic Arena Badalona стадионында жеке концертін өткізді, деп хабарлайды “Адырна”.

Әншінің ресми сайты хабарлағандай, Бадалона муниципалдық спорт кешені 1992 жылғы жазғы Олимпиада ойындары кезінде баскетбол турнирін өткізу үшін арнайы салынған арена. Бұл алаңда әлемге танымал әртістер — Бруно Марс, Ленни Кравиц, Алисия Киз, Мэрилин Мэнсон, Анастэйша, Марк Энтони, Coldplay, Arctic Monkeys, Green Day және Muse өнер көрсеткен.

Концерт барысында жанкүйерлер ерекше акция ұйымдастырып, Димаштың «The Story of One Sky» әні кезінде ақ қолғаптарды киіп, қолдарын көтерді. Бұл акцияның басты мақсаты — бейбітшілік пен өмірді таңдау идеяларын жеткізу. Испаниядағы ресми фан-клуб ұйымдастырған акцияға «Elegimos la Vida» («Біз өмірді таңдаймыз») деген атау берілді.

Жанкүйерлердің айтуынша, Dears қауымдастығы Димашқа тек көрермен ретінде емес, рухани жақындық ретінде қолдау көрсеткен. Ақ қолғаптар арқылы бейбітшілік, ал плакаттар арқылы «Біз өмірді таңдаймыз» деген хабарлама жеткізілді.

«Бұл ән бізді алғаш тыңдаған сәттен баурады. Димаштың өнері тек музыкамен шектелмейді, ол даусы мен шығармашылығымен әлемге бейбітшілік пен махаббат туралы маңызды хабар жеткізеді», — деді фан-клуб мүшелері.

Концерттің әсері мен ұйымдастырылған акциясы жанкүйерлерге ғана емес, сахнада өнер көрсеткен әншіге де ерекше рухани байланыс сыйлады.

Пікірлер