Қарағандыда көлік бағдаршамға соғылып, жүргізуші қаза тапты

608
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Қарағандыда Range Rover маркалы көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Автомобиль бағдаршамның тірегіне соғылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Жол апаты 2 қараша күні сағат 00:20 шамасында Крылов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала болжам бойынша, 50 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, бағдаршам тірегіне соғылған.

«Қатты соққыдан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Көлікте өзінен басқа ешкім болмаған», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желіде жол апаты орнынан түсірілген видео таралы. Кадрларда көліктің қатты бүлінгені және оның бөлшектері жол бойына шашылып жатқаны көрінеді.

Қарағанды облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер