Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағына келіп, жаттығу жасаған оқушы көз жұмды. Ақпаратты Түркістан облысының Білім беру басқармасы растады, деп хабарлайды "Адырна".
«Баланың өліміне қатысты оқиға білім басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, дене шынықтыру сабағында бала жаттығу жасап жатып, құлап түскен. Мұғалім мен мектептің медбикесі баланы тез арада Шардара ауданының ауруханасына апарған. Алайда, операция кезінде бала жан тапсырды», - деп хабарлайды білім басқармасы.
Қазір баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Ұқсас жаңалықтар
«Әрбір жобаға 3 миллион теңге»: «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы жастарға мол мүмкіндік сыйлауда
Түркістан облысында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында 220 нысанның құрылысы жүргізілуде
