Мемлекеттік тілде жазылмаған маңдайшалар алынып тасталады

2456
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CXDor8jq26E0XriVb7ZgW9h2GMSTDcRkrM7VAkjH.webp

Қырғызстандағы Манас қаласының мэрі Женішбек Тоқторбаев қаладағы маңдайшаларды мемлекеттік тіл туралы заңға сәйкестендіруді тапсырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 28 қазанда «Керме-Тоо» қазандығының салтанатты ашылуында қаладағы дәмхана мен мейрамханалардың, кәсіпорындардың атаулары ағылшын, қытай, араб және өзбек тілдерінде жазылғанын атап өтті.

«10 қарашаға дейін барлық маңдайша толықтай қырғыз тілінде жазылуы тиіс», — деді қала басшысы.

Айтуынша, бұл шара мемлекеттік тілді қолдау мен дамытуға бағытталған.

Қырғызстанда да Қазақстандағыдай орыс тілі - ресми тіл. Алайда Қырғыз Конституциясының 13 бабында былай делінген: Қырғыз тілі - Қырғыз Республикасынын мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді қолдану тәртібі конституциялық заңмен реттелген. Қырғыз Республикасында ресми тіл ретінде орыс тілі қолданылады".

 

Пікірлер