Жантүршігерлік жол апаты. Қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден көмек берілмек

661
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

23 қазан күні Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында орналасқан Белқопа ауылы маңында болған жол апаты салдарынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға «Самара – Шымкент» автожолында тіркелген. DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі соқтығысып, оқиға орнында бірнеше адам қаза тапқан. Кейін жансақтау бөлімінде тағы бірнеше адамның өмірі қиылды.

Қазіргі уақытта екі көліктің жүргізушілерінің әрекетіне қатысты тергеу жүргізілуде. ҚР ішкі істер министрлігі арнайы тергеу тобын құрды. Сонымен қатар, Премьер-министрдің тапсырмасымен апаттың себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия жұмыс істей бастады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Марқұмдардың арасында бір үйдің бірнеше мүшесі бар екені айтылды.

Пікірлер