«Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы ойын үстінде қайтыс болды

1364
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/86knlqlocPl7ih8b2aXVIWvk6XLtdFzmXA1hpGu2.webp

Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің қазасын естіртті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламада атап өтілгендей, жас футболшы Диас Төлеу командасында шабуылшы ретінде көзге түскен.

Федерация оның отбасы, жақындары және командасы қайғысына ортақтасып, Диастың ата-анасына, туыстарына және барлық жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз қаза болуын терең қайғыра қабылдады.

Өз жасына қарамастан, Диас футболға деген құштарлығы мен айрықша таланты арқылы көзге түсті. Оның өмірден ерте кетуі — орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте біз оның отбасы, жақындары және командасымен бірге қайғысына ортақтасамыз», — делінген ҚФФ хабарламасында.

Диас "Хан-Тәңірі" мен "Екібастұз" командаларының 16 қазан күнгі ойынында жарақат алып, қайтыс болды. Тікелей эфир кезінде ойыншыны алаңнан алып кеткен кезде жарақатын ауырсынғаны байқалған.

Пікірлер