Автобус апатында екі аяғынан айырылған Алуа Бекен протезбен алғашқы қадамдарын жасап жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қайғылы оқиғадан кейін 8 жастағы қызға бірнеше күрделі ота жасалды. Қазір ол оңалту курсын өтіп, қайтадан жүруді үйреніп келеді. Алуаның алғашқы қадамдары түсірілген видео Instagram-дағы арнайы қайырымдылық парақшасында жарияланды.
Желі қолданушылары кішкентай қыздың ерік-жігеріне тәнті болып, жылы пікірлер қалдыруда.
«Дәрігерлер мен ата-анасына мың алғыс! Бұл – үлкен жеңіс!» – деп жазды олар.
Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус бағанға соғылып, Алуа Бекен зардап шеккен болатын. Дәрігерлер оның екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болды.
Ұқсас жаңалықтар
Үш адамның өліміне себеп болған Алматыдағы автобус апатына қатысты сот тікелей эфирде өтетіні айтылды