Мехикодан - Алматыға. Димаш Almaty Open турнирінде өнер көрсетті

1788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7FecxuN72kQoDXDAK9i3zEDSSDyv0xg0I7gvGb8M.webp

14 қазан күні белгілі әнші Димаш Құдайберген Almaty Open турнирінде өнер көрсетіп, Франция, АҚШ, Түркия және Қазақстан авторларының әндерін орындады. Сондай-ақ ол композитор ретінде өзінің «Самғау» атты жаңа туындысын таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Әншінің қазақ тіліндегі халыққа тарту еткен «Самғау» атты туындысы – аспанға самғаған қыранның өз халқы мен жалпы әлемге деген шексіз махаббатын бейнелейтін символдық арнау. Ән алғаш рет 5 қазанда Madison Square Garden сахнасында өткен Димаштың жеке концертінде шырқалып, кейін Мексикадағы “Stranger” шоуында екі рет орындалған болатын.

«Бұл жарыс өз елімізде өтіп жатқандықтан және оған біздің спортшылар қатысып, Қазақстанның беделін көтеріп жүргендіктен, мүмкіндігінше қарап, қолдау көрсетуге тырысамын. Әрине, өзімді аса қызу жанкүйермін деп айта алмаймын, бірақ үнемі болмаса да, теннисті тамашалауға уақыт табамын», – деді Димаш.

Сондай-ақ ол Қазақстан туын көтерген барлық спортшыға ыстық ықыласпен жанкүйер болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Almaty Open ATP 250 – халықаралық деңгейдегі ірі теннис турнирлерінің бірі ғана емес, сонымен қатар әйгілі әртістер қатысатын ерекше мәдени шара.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы концерті аншлагпен өткені айтылған еді. Енді әнші Еуропаның бірнеше елінде концерт береді.

 

Пікірлер