Шекарадағы қабырға құрылысы. Мексика президенті АҚШ шешіміне қарсылық білдірді

1106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bTnA58p5093jt1Pl7RGRfmb0FlR2l5Qgg1sKGVun.jpg

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ-тың Нью-Мексико штатында шекараға жаңа қабырға салу туралы шешімін Вашингтонның біржақты әрекеті деп атады, деп хабарлайды "Аддырна" ұлттық порталы Синьхуаға сілтеп.

Жұма күні өткен баспасөз мәслихатында президент Шейнбаум Мексика бұл жобаға қатыспағанын және ел тарапынан ешқандай қаржы бөлінбегенін мәлімдеді.

"Олар бұл қабырғаны өз беттерінше салып жатыр. Біз бұл әрекетті қолдамаймыз. Шекара қауіпсіздігін қабырға тұрғызу арқылы емес, өзара ынтымақтастық пен үйлестіру арқылы қамтамасыз еткен дұрыс", — деді ол.

Клаудия Шейнбаумның айтуынша, мұндай шешімді тек АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдаған. Ал Мексика үкіметі аймақтық ынтымақтастық пен АҚШ-тағы мексикалықтардың құқықтарын құрметтеуге басымдық береді.

Айта кетейік, осы аптада Дональд Трамп әкімшілігі Нью-Мексико штатындағы Санта-Тереза мен Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласының арасындағы шекарада қосымша тосқауылдар салуға кірісті.

Пікірлер