Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов мас күйінде көлік жүргізгендерге арналған жаза түрін өзгертуге қарсы екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыруда біздің ұстанымымыз нақты. Біз жазаны жеңілдетуге қарсымыз. Себебі мас күйінде рөлге отырған адам – қылмыскер», – деді Сәденов.
ІІМ басшысы жол-көлік оқиғаларының барлығы мас жүргізушілердің кесірінен болмайтынын түсінетінін айтты.
«Бірақ басқа құқықбұзушылықтарға қатысты өзгерістерді қарастыруға дайынбыз», – деп толықтырды министр.
Ұқсас жаңалықтар
«Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңге сұраған». Астаналық әйелге қатысты тергеу аяқталды