Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне тағы да шомылып түскен сәтінен тағы бір видео жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Видеоны ол өзінің Telegram-арнасында бөліскен.
Кадрларда оның көл түбінен темір таяқты көтеріп, «көлді тазалау керек» дегенін көруге болады.
«Қазақстандағы таулы көлдің түбінен темір тауып, алып тастадым», – деп жазған.
Бұған дейін Павел Дуровтың шомылуға тыйым салынған Көлсайда суға түскен сәті жарияланған. Оның бұл әрекеті қазақстандық желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді.
Ұқсас жаңалықтар