Сыналған Дуров тағы да Көлсайдан видео жариялады

1370
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xex1o074DLBkrjYQ7C5xQoeUzbJCA3WUoTnU5GN7.png

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне тағы да шомылып түскен сәтінен тағы бір видео жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видеоны ол өзінің Telegram-арнасында бөліскен.

Кадрларда оның көл түбінен темір таяқты көтеріп, «көлді тазалау керек» дегенін көруге болады.

«Қазақстандағы таулы көлдің түбінен темір тауып, алып тастадым», – деп жазған.

Бұған дейін Павел Дуровтың шомылуға тыйым салынған Көлсайда суға түскен сәті жарияланған. Оның бұл әрекеті қазақстандық желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді. 

댓글
기타 기사