“Қайраттың” жас шабуылшысына ағылшын клубы қызығушылық танытты

1334
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MQr9Az9L7Sj0poB2pV74Au78d6lv4upnjvKlj2XX.jpg

Алматылық “Қайрат” командасының 18 жастағы шабуылшысына “Ковентри” клубы назар аударып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жас ойыншы Азамат Тұяқбаев УЕФА Жастар лигасында Португалияның “Спортинг” клубына қарсы өткен кездесуде екі гол соғып, дубль авторы атанған.

Осыдан кейін оған Ұлыбританияның “Ковентри” командасы қызығушылық білдірген.

Азамат Тұяқбаев биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында да мергендігімен көзге түсті. Жақында өткен “Қайрат” — “Жетісу” ойынында тағы бір гол соғып, командасына жеңіс әкелуге үлес қосты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта “Ковентри” клубы Англияның Чемпионшип турнирінде 19 ұпаймен көш бастап тұр.

Пікірлер