Елімізде рақымшылық жасау кезеңі аяқталды

1446
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/f3q39sxLA169fpC5bHRQnjeejXOqx6MrjAYCrjaw.jpg

Елімізде Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық жасау кезеңі аяқталды. Бұл туралы 1 қазанда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз бұл жұмысты аяқтадық. Бостандыққа тек қамаудағылар ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау аясында болған, бірақ жеңіл және орташа ауырлықтағы, материалдық зиян келтірмеген қылмыстар жасаған азаматтар да шықты», – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Ол амнистияға іліккендердің нақты саны мен олардың қандай қылмыстар үшін жаза өтегені туралы толық ақпаратты кейін беруге уәде етті. Сонымен қатар ішкі істер министрінің орынбасары бостандыққа шыққандардың барлығы пробациялық бақылауда болатынын, бұл міндет әкімшілік полицияға жүктелгенін атап өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев амнистия туралы заңға қол қойған болатын. Бұған дейін  рақымшылық 15 мыңнан астам сотталған адамға жасалынатыны айтылған.

Пікірлер