«Алагөзов Шерхан Қалмұрзаға темір тұлпар сыйласа екен»

1723
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VCyGg5oX02qsrYbAtItqzybZPksbqFG9E6gep5Ic.jpg

Құрметті Баян Мақсатқызы!  Сізге бір бұйымтайым бар. Менің достығымда бар жансыз ғой.  Кеше сіздің жолдасыңыз Тұрсын Алагөзов Қайраттың жігіттері жеңіп кетсе, әрбіріне көлік мінгіземін деп уәде еткен еді.  Бірақ сіз ойлағандай болмаса да, мұнда бір баланың еңбегі мол болды. Қақпаға бағытталған қаншама соққыны қайтарды. Елдің, жұрттың назары тек осы балада болды. Оған күмәнім жоқ. Тұрсын мырза да оны көріп отырған болуы керек.

Бүгінгі арыстан Реал Мадридпен ойындағы мынау бөбек Шерхан Қалмұрзаның еңбегін ескеріп, Тұрсын мырза осы бөбекке бір темір тұлпар сыйласыншы! Бәріміз де сізге разы болайық! Бұл баланың бүгінгі еңбегі, көңіл күйі — бұл қазақтың көңіл күй ғой. Осы балаға ғана жаным ашыды.

Бұл бөбекке сыйлаған темір тұлпар қазаққа сыйлаған сыйлық болып есептелсін. Бұл Тұрсын мырза екеуіңіз үшін түк те емес.  Сіздер қалай ойлайсыздар?! Келісесіздер ме?! Мынау баланың еңбегі ескерілуі керек қой, қазақтар! Тұрсын мырза мұны міндетті түрде ескереді деп ойлаймын.

 Бекболат Қаржан

Пікірлер