Украина қауіпсіздік қызметі Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевті іздеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.
Мәліметке сәйкес, Лихачев 2024 жылы іздеуге берілген. Оған Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты деген айып тағылып отыр.
Айта кетсек, 2022 жылдан бері Лихачевтің есімі Украинадағы «Миротворец» сайтының деректер базасында көрсетілген.
УҚК ресейлік саясаткерлерге, әскерилерге, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне сырттай айып тағып келеді. Сонымен қатар Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жеке және заңды тұлғаларына, Мәскеумен байланысы бар деп танылған өзге ел азаматтарына қарсы санкциялар енгізу жөнінде бірқатар жарлықтарға қол қойған.
Ұқсас жаңалықтар