Аида Балаева отандық кинематографиядағы тарихи жетістікпен бөлісті. Оның айтуынша, үш аптадан бері прокатта көш бастап келе жатқан «QAITADAN» көркем фильмі 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, мемлекеттен бөлінген қаржыны бес есеге артығымен қайтарған алғашқы жоба болды.
Фильм — жас режиссёр Думан Еркімбектің толықметражды дебюті. Ол 2023 жылғы питчингтің жеңімпазы атанған болатын. Картинада отбасы институтын дәріптеу, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттарын насихаттау басты назарға алынған.
Аида Балаеваның айтуынша, «QAITADAN» – көрерменді терең ойға жетелейтін, ұлттық рухты көтеретін туынды. Ол барша қазақстандықтарды фильмді бірге тамашалап, отандық киноны қолдауға шақырды.
Министр сондай-ақ Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан «кино ең алдымен сапалы болуы керек» деген сөзін еске алып, ұлттық киноны дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
А. Балаева призвала деятелей культуры активнее включиться в процесс формирования светского, зрелого и интеллектуального общества
Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен төл мәдениетті қолдау конституциялық деңгейде бекітілді
