Үш адам мерт болды. Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

1186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T89B13syWiQnN3ocRLTdC26f6FDI8P09MkDiD02G.jpg

Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы жағдай 17 қыркүйекте сағат 00:54-те Ақадыр – Қарағанды учаскесі Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін, реттелетін теміржол өткелінде болған.

«92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады. Автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді»,—делінген хабарламада.

 «ҚТЖ «ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жол қозғалысының барлық қатысушысын теміржол өткелдерінің жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Пікірлер