Жамбыл облысында полицейлер оқушыны өлтірді деген күдікпен екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
12 қыркүйек күні Шу ауданы, Көкқайнар ауылында футбол матчынан кейін 10 және 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан. Ойынға жиналған балалардың кіші сыныптағысы жоғарғы сынып оқушыларын жеңіп кеткен.
Нәтижеге наразы болғандар 10-сынып оқушысын ұрып тастаған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер жасөспірімнің алған жарақатынан көз жұмғанын анықтады. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балалар омбудсменінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 17 және 16 жастағы екі күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Солтүстік Ирландияны жеңу деген Ресейдегі Тыва, Бурятия секілді автономиялық республикасын жеңгенмен бірдей.