ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік ұсталды

2008
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9ovNRjpw1PLoT38MPmH4GWYbfsobVmOAdJ0kzePf.jpg

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін, 11 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтаған.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда»,—делінген хабарламада.

Пікірлер