Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен президенттің жаңа көмекшілері тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 9 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Атап айтсақ, Руслан Желдібай президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Қуанышбек Есекеев президенттің көмекшісі лауазымына тағайындалды. Ал Марат Әшім президенттің кеңесшісі – президент протоколы қызметінің бастығы болды.
Ұқсас жаңалықтар
Заитов: "Қазақ тілі мемлекеттік тіл болады, ресми тілді алып тастаймыз" десе, Тоқаевқа арнап өлең жазамын!
