Анарбеков: «Селтик» тарихта қалды, енді құрамамен тарих жазамыз

1007
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xYP6jZLNj89rtQC1uSRFyCZaaBPDQrFuNoJfxhUF.webp

4 қыркүйекте алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы сапында алғаш рет дебют жасайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

21 жастағы қақпашы Қазақстанның ересектер құрамасынан тұңғыш рет шақырту алып отыр және 4 қыркүйекте 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс құрамасына қарсы алаңға шығуы мүмкін.

«Клубтағы жетістікті ұмытып, енді құраманың пайдасына еңбек етуіміз керек. «Селтик» — тарихта қалды. Құрамамен де тарих жазамыз. Бұл тек менің еңбегім емес, бүкіл жаттықтырушылар штабы мен басшылықтың еңбегі. Барлығына алғыс айтамын. Құрама ойындарына дайын боламыз», - деді Темірлан Анарбеков.

Еске сала кетейік, Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы қарымта матчта қаһарман атанды. Ол үш бірдей пенальтиді қайтарып, алматылық клубты Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің негізгі кезеңіне шығарды.

25 тамызда Анарбеков пен «Қайраттың» тағы үш ойыншысы Қазақстан құрамасына Уэльс пен Бельгияға қарсы өтетін іріктеу матчтарына шақырту алған болатын.

Пікірлер