Головкин Жәнібек Әлімханұлын ізбасары деп атады

912
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/gena.jpg

Желіде Геннадий Головкиннің Жәнібек Әлімханұлын жаңа буынның қаһарманы әрі өзінің лайықты ізбасары атаған видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин “қазақ боксының королі” атағын өз отандасы Жәнібек Әлімханұлына тапсырды.

Головкиннің ақжарма тілектері жазылған бейнежазба желіде енді ғана жарияланғанымен, олардың кездесуі сәуір айында өткен.

«Біздің елімізге қазір дұрыс қаһармандар өте қажет. Мен — бір буынмын, ал сен — келесі, сені көріп халық оянады. Саған қарап бой түзейді. Сен бәрін жеңе аласың! Сен келесі буынның қаһарманы болуға тиіссің!» — дейді Головкин.

Пікірлер