Пәкістанда су тасқынынан 300-ден аса адам қаза тапты

873
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l8yXVF9ouPUzKOANr8nMg5NscIHt6vtHThXMRgvC.jpg

Пәкістанның солтүстік-батысында екі күн бойы толассыз жауған нөсер мен су тасқыны салдарынан 300-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Хайбер-Пахтунхва провинциясының төтенше жағдайлар басқармасы 16 тамыз таңғы деректеріне сәйкес, 307 адамның қаза тапқанын растады. Таулы және төбелі аудандарда әлі де із-түзсіз кеткендер бар.

Ең көп зардап шеккен өңірлердің бірі – Исламабадтан үш жарым сағаттық жолда орналасқан Бунер округі. Мұнда 184 адам қаза тауып, инфрақұрылым, егістік жерлер мен жеміс бақтары бүлінген. Бунердің кей аудандарында әйелдер мен балалар қалып қойған. Тек осы өңірдің өзінде 93 адамның мәйіті табылған.

Ал Шангла ауданында нөсер жауын салдарынан ғимараттың шатыры құлап, 34 адам қаза болды.

Reuters дерегінше, елдің премьер-министрі төтенше жағдай бойынша шұғыл жиынды өзі басқарып отыр.

«Жақындарынан айырылған, зардап шеккен және үйлері мен күнкөріс көздерінен айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамыз», – деді Исхақ Дар әлеуметтік желідегі жазбасында.

Пікірлер