Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түркіменстанға барды. Бұл туралы бүгін, 4 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Түркіменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түркіменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды»,—делінген хабарламада.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысы қарқынды дамып келеді: жаңа зауыттар, жұмыс орындары және халықтың тұрмысына қолайлы жағдайлар