Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңамаңызды датамен толықты. Биылдан бастап тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржол қызметкерлері күні ретінде ресми түрде аталып өтеді.
Бұл – көлік саласының маңызды бағыты саналатын теміржол жүйесінде қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкердің еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы.
Теміржол – ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі жолаушы және жүк тасымалының маңызды тетігі. Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының діңгегі саналатын бұл салада онмыңдаған маман жұмыс істейді. Олардың қатарында машинистер, вагоншылар, жол жөндеушілер, диспетчерлер, байланысшылар, инженер-техниктермен тағы басқа көптеген кәсіп иелері бар.
Көлік саласының жалпы дамуына да теміржолсаласы орасан үлес қосып отыр. Өңірлер арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз ету, отандық өнімді экспорттау, жолаушылардың қауіпсіз әріыңғайлы қозғалысын ұйымдастыру – осының барлығы теміржолшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Теміржол саласында жұмыс істеу – жауапкершілігі жоғары, тәртіп пен төзімділікті талап ететін мамандық. Бұл мереке – теміржолшылардың еңбегін бағалап, олардың қоғамдық маңызын айшықтайтын күн.
Теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған сала мамандарына мықты денсаулық, қауіпсіз еңбек және толағай табыс тілейміз.