Тарихи атауларға қарсылық. Әзербайжан мен Ресей басылымдарындағы жаңалықтар өзара наразылық тудырды

1921
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EiKNHRY6v52U1iHLZD9oMyVWRz2rWNlAYALUUywp.jpg

Әзербайжанның Minval басылымы Ресейдің Калининград қаласын тарихи атауы "Кенигсберг" деп атаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Басылым ресейлік тараптың сынына ұшырады. Жарияланған жаңалықтардың бірі "Ресей Кенигсбергте С-400 және соққы жүйелерін орналастырды" деп аталған.

Бұл мәлімдеме ТАСС агенттігінің Ханкенд (Степанакерт) қаласындағы Айвазовский ескерткішінің бұзылғаны туралы жаңалығына қарсы жарияланған. Ресейлік БАҚ жаңалықтарында советтік топонимдерді қолданғаны үшін Баку тарапы наразылық білдірді.

Ал Әзербайжан билігі Ханкендтің орнына Степанакерт, Қарабақтың орнына Таулы Қарабақ атауларының қолданылуына қарсы болды.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі ресейлік агенттіктен мәтінді түзетуді талап етіп, дипломатиялық протест жолдады. Нәтижесінде ТАСС жаңалық мәтініне өзгерістер енгізіп, тақырыпта “Қарабақ”, ал мәтін ішінде “Ханкенд” атауларын қолданды.

Баку мәлімдемесінде, егер Ресей тарапы тарихи атауларды бұрмалауды жалғастырса, Әзербайжан да ресейлік қалалардың тарихи немесе түркі атауларын қолдануға көшуі мүмкін екенін ескерткен.

Айта кетейік, Caliber.az басылымы ТАСС агенттігіндегі тарихи атауларға қатысты ақпарат таратқан болатын.

Пікірлер