Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. Тікұшақты іздеуге 100-ден астам адам жұмылдырылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы тартылды.
"Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды", – деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше 25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі мінген Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түскен.
Ұқсас жаңалықтар
“Не масқара”: Журналистке аурухананың мінін айтып сұхбат берген такси жүргізушісіне кешірім сұратқан
