Италияда ұшақ көлік көп жүретін жолға құлап, өртеніп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Giornale di Brescia басылымына сілтеме жасап.
«Италияның Аццано-Мелла коммунасында түсірілген кадрлардан ұшақтың дәл көліктер жүріп жатқан жолға құлағанын байқауға болады», - делінген хабарламада.
Оқиға сәтін көше камерасы түсіріп алған.
Кадрдан әуе көлігінің қозғалысы тығыз трассаға құлап, жанғаны көрінеді. Сол сәтте жолдағы көліктер шұғыл түрде кейін шегінген.
Басылым мәліметінше, құлау кезінде ұшақта 75 жастағы адвокат Серджио Равалья мен 50 жастағы Анна Мария Де Стефано болған.
Ұқсас жаңалықтар